Kapshagay.gov.kz

 

Шипалы жазғы лагерь

 

Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында «Архипелаг» ЖШС жобалау мердігерімен дайындалған «Білім нысандарын қайта жабдықтау және салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап 100 орынды балалар лагерінің құрылысы басталды. Мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуші болып мердігер мекеме «Дипсервис-К» ЖШС-і танылды.

Құрылыстың аяқталу мерзімі 2012 жылдың 3 тоқсанына жоспарланып отыр.

Құрылыс салынатын аймақ екіге, яғни тұрғын, мәдениет-тұрмыстық және ойын алаңдарына бөлінген.

Жобада тұрғын аймағында- жеңіл құрылымнан тұратын, әрбір 20 орынға саналған бес тұрғын блок қарастырылған. Мәдениет-тұрмыстық аймақта-көпшілікке арналған мәдениет блок орналасқан, үлкен іс-шаралар алаңы, 115 орынды көрермендерге арналған орнымен эстрадалық алаң және ашық бассейн. Ойын-спорт алаңдарында - күннен қорғанатын орындар, душ кабинасы, киім ауыстыратын орындар, санитарлық қондырғылар, орындықтар және медициналық көмек көрсетілетін орындар қарастырылған.

Бұл - балалардың денсаулығын сауықтыруға арналған Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы экологиялық таза аймақ 2013 жылы өз қызметін бастайды.

Болашақта жазғы каникул кезінде балар белсене демалатын орын болып табылады. Нысанды пайдалануға қабылдағаннан кейін мемлекет балаларға ашық және ұмытылмас демалыс сыйлайды!

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .