Kapshagay.gov.kz

 

Халықаралық қарттар күнін атап өту туралы

ақпарат

    Қапшағай қаласы әкімдігінде 2011 жылғы 1 қазанға «Қарттар күнін» атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

    Қапшағай қаласы және өңірі бойынша 6536 зейнеткер және 1306 мүгедек бар. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі 79 қарттар мен мүгедектерге, мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі 36 балаға қызмет көрсете отырып, әлеуметтік тұрмыс –жағдайын шешуге көмектеседі.

    Қала және өңір бойынша «Қапшағай Су Құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, «Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік мекемесі, Қапшағай қалалық «Алаутрансгаз», мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасы, қала мектептері, қалалық телекоммуникациялық байланыс концерт, мерекелік ас ұйымдастырып, материалдық көмек көрсетіп, азық-түлік пакетін,дәрі-дәрмек қорапшасын табыс етті.

Қала     әкімшілігі өңірдегі ауылшаруашылық өндірушілердің көмегімен 200 мүгедектер мен аз қамтылған зейнеткерлерге ауылшаруашылық өнімдерін таратты.

    Қарттар мен мүгедектер күніне арнап Қапшағай қаласында мүгедек спортшылар арасында қалалық спартакияда өткізілді.

    Мерекелік іс-шаралар өткізуге қала өңіріндегі қоғамдық бірлестіктері ат салысты.

    Қапшағай өңірінде әйелдер ассоциациясы қоғамдық бірлестігі 50 аз қамтылған азаматтарға,зейнеткерлер мен мүгедектерге ауылшаруашылық өнімдерін таратты

     Мерекелік іс шара қарттар мен мүгедектер үйінде өткізілді, мерекелік ас, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды..

    Қапшағай қаласының әкімі қолдауымен «Нью Стар» кафесінде Ұлы Отан соғыс ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер және қалаға еңбегі сіңген тұрғындарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

     Қонақтарға арналып мерекелік ас, концерттік бағдарлама ұсынылды.

    Заречный ауылдық округінде ауылшаруашылық өндірушілері зейнеткерлер мен мүгедектерге мерекелік ас, сыйлықтар ұсынылды.

    Шеңгелді ауылдық округінде ауылшаруашылық өндірушілері зейнеткер мен мүгедектерге ауылшаруашылық өнімдерімен қайырымдылық көмек көрсетті.

    «Қапшағай» және «Нұрлы өлке» газеттерінде Қарттар мен мүгедектер күніне арнап мақалалар жарияланды.

 

    «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Іңкәрбекова

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .