Kapshagay.gov.kz

 

Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінде 2011-2012 жылдардағы жылыту маусымына жылу көздерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын дайындау барысы туралы ақпарат

Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы «2010-2011 жылдардағы жылыту маусымын өткізу қорытындылары мен алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде міндеттері туралы» № 252 қаулысына сәйкес, қаланың және селолық округтердің бюджеттік сала, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы объектілерін 2011-2012 жылдардағы кезеңде күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындау және өткізу жөніндегі қалалық штаб құрылды.

Жылумен жабдықтау

2011-2012 жылдардағы жылыту маусысына жылумен жабдықтау нысандарын дайындау үшін республикалық және облыстық бюджеттен 10881,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 937,5 млн. тенге мазут алуға және 150,6 млн. теңге жылу желілерін жөндеуге бөлінді. 2011-2012 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысында, қазандықтың негізгі және көмекші құралдарына ағымды және күрделі жөндеу жүргізілді, 7 қазандық, сорғы құралдары, мазут және тұз шаруашылығына жөндеулер жүргізілді.

15,1 шақырым жылу желісі жөнделді, оның ішінде, 10,46 шақырым ағымды жөндеу және 4,65 шақырым күрделі жөндеу, жылу камерасының бұрандамалы темір арқаулары тексерілді.

Қазіргі уақытта қазандықта 5016 тонна мазут бар және қосымша 12587 тонна мазут алынады. Осымен, кәсіпорын 148 жұмыс күніне мазутпен қамтамасыз етілген. Яғни, 2011 жылдың 15 қазанынан 2012 жылдың наурыз айына дейін жеткілікті.

«Қапшағай Жылу» МКК жасалған шарттарына сәйкес жоспарланған жүктемесі сағатына 76,45 Гкал құрайды. Жалпы жылытатын алаң 649963 м2 құрайды.

Бүгінгі күнге жылумен және ыстық сумен жабдықтауға 585 шарт жасалған, оның ішінде, 8 пәтер иеленуші кооперативтер немесе 222 көппәтерлі тұрғын үйлер, 283 жеке тұрғын үйлер, 25 бюджеттік сала нысандары, 288 басқа тұтынушылар.

Пәтер иеленуші кооперативтермен шарт бойынша тұрғын үйлердің жер төлелеріндегі ішкі жылыту жүйелеріне техникалық қызмет көрсетілуде. Бұрандамалы темір арқаулар және жылумен, ыстық сумен жабдықтаушы құбырлар тексеріліп, кейбір бөліктері ауыстырылды.

Қазіргі уақытта 2011-2012 жылдардағы жылыту маусымына кәсіпорынның дайындық құжатын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сумен жабдықтау және кәріз әкету

Қапшағай өңірінің сумен жабдықтау жүйесін жаңартуға және күрделі жөндеу жүргізуге 2011 жылға 263,5 млн.тенге бөлінді. Бұл қаражатқа сүзгі стансасын, 1 және 2 көтергіш сорғы стансасын, тазалау құрылғысының 80 %, кәріз желісінің 2,32 шақырымын, 60 % жаңарту жүргізуде.

Сонымен қатар, «Қапшағай Су Құбыры» МКК есебінен №1,2,3,4,4 А,5,6,7,8 кәріз сорғы стансаларына ағымды жөндеу жүргізілді, дайындығы 100 пайыз, «Рауан» кәріз сорғы стансасы 100 пайызға дайын, кәріз желісінің 139,933 шақырымы жуылып, 100 пайызға дайын. 1953 дана кәріз құдықтары тазартылған және ағымды жөнделген, 100 пайызға дайын.

Коммуналдық кәсіпорындардың электр қуатына борышкерлік қарызы 2011 жылғы 3 қазандағы жағдайы бойынша 17,1 млн.тенгені құрап отыр, оның ішінде 11 млн.тенге- «Қапшағай Жылу» МКК, 6 млн.тенге- «Қапшағай Су Құбыры» МКК.

Тұрғын үй қоры

Қапшағай қаласы бойынша қазіргі уақытта 222 көппәтерлі тұрғын үй бар және оған 8 пәтер иеленуші кооператив қызмет көрсетеді. Оның ішінде осы уақытта 201 үйге толығымен тексеру жүргізіліп, инженерлік желілері ауыстырылған, дайындығы-90,5 пайызды құрайды. Барлық үйлердің дайындығы бойынша тексерілген қолы қойылған актілер алынған. Қалған тұрғын үйлер жылыту маусымы басталғанға дейін дайын болады.

Бюджеттік сала нысандары

Қапшағай өңірі бойынша 37 бюджеттік сала нысандары бар, оның ішінде, 15 білім нысандары, 9 денсаулық сақтау нысандары, 3 мәдениет нысаны, 1 әлеуметтік сала нысаны, 6 әкімшілік және т.б. және 3 коммуналдық кәсіпорын.

Аталған нысандардың 13 сұйық отынмен жанатын қазандықпен, 5 қатты отынмен және 19 нысан орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылады. Сұйық отынмен жылытылатын бюдеттік сала нысандары үшін электрмен жабдықтаушы автономды жылу көздері алынған.

Жылыту маусымына отынның қажеттілігі 40 тонна көмір және 389,9 дизельді сұйық отын. Бүгінгі күнге 75 пайызды құрайтын 30 тонна көмір және 37 пайызды құрайтын 141,4 мың литр дизель сұйық отыны алынды.

Қазіргі таңға барлық нысандар жылыту маусымына дайын.

Жеке сектор үшін 19800 тонна көмір қажет, қазір 20000 мың тонна яғни 101 пайызы бар. Осы бойынша Қапшағай өңірінде қажетті отын қорын сақтаушы 2 темір жол арнасы қызмет етеді.

Жалпы 2011-2012 жылдардағы жылыту маусымына дайындық Қапшағай қаласы әкімдігінде тұрақты бақылауда.

 

Қапшағай қаласының ТҮКШ,

ЖК және АЖ бөлімінің бастығы Е.Абылов

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .