Kapshagay.gov.kz

 

«Ұстазым менің ұстазым!»

Күздің екінші айының басында аталып өтетін мерекенің бірі –ұстаздар мерекесі . Ұстаз-өз өмірін басқаларға арнаған жан! Саналы ғұмырын оқушыларға білім мен тәрбие беріп, ержеткен азаматтарды өмір жолына аттандыратын да ұстаз!

Биылғы ұстаздардың төл мерекесі 2011жылдың 29 қазан күні қала көлемінде аталып өтті. Салтанатты мереке жиынына қала әкімі Таубаев Н.А. қатысып, барша ұстаздар қауымына құттықтау сөз арнады.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жоғары жетістіктері үшін бірқатар ұстаздар марапатталды, 13 мұғалім қала әкімінің бағалы сыйлықтарын алды, 6 ұстаз қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды және 6 мұғалім қала әкімінің Алғысымен марапатталды.

Облыс әкімі жариялаған 7 номинацияның үшеуін қала ұстаздары жеңіп, жүлделі орындарды иеленіп қайтты, олар да марапатталып,бағалы сыйлықтар алды.

Барша ұстаздар қауымы педагогикалық еңбек ардагерлерін сыйлап, құтықтап, сахнаға шығарды,олар Цой И.В.,Қасқарауова Б.Ж.қала әкімі Н.А.Таубаев өз қолынан бағалы сыйлықтар тапсырды.

2011жылы 14 жас маман педагогикалық институт бітіріп еңбек жолын бастады, оларды салтанатты түрде ұстаздар қатарына қабылдау рәсімі ұйымдастырылды, жас мамандар атынан қазақ тілі пәнін оқытушы Демченко Ю.В. сөз сөйлеп, ұстаздарды құттықтады.

Орта мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысының орынбасары Н.Т.Нұрбаев ҚР БҒМ Б.Т.Жұмағуловтың қабылдауында болып, қайтты. Министрмен кездесуде Республика көлемінде шығармашылық бағытта жұмыс атқаратын ұстаздар қатарына қала ұстазының қатысуы біз үшін үлкен жетістік! Мереке құтты болсын ұстаздар қауымы!

Қапшағай қалалың білім беру мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .