Kapshagay.gov.kz

 

 

Ауылдық жерлерде жұмыс жасайтынәлеуметтік сала мамандарын ынталандыру туралы

 

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ауылдықелді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерінәлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 24желтоқсандағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы күшіне енді.

Заңда ауылдық елді мекендерге жұмысжасау және тұру үшін келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамту, мәдениет және спортсаласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларынкөрсету көзделген.

 

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетукөлемі мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183қаулысымен бекітілген Ережемен анықталады, осы Ережеге сәйкескөтерме жәрдемақыларын төлеу 2009 жылдың 1шілдесінен, мамандарға тұрғын үй алуғанесие беру 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталады.

Қаулыға сәйкес, әлеуметтікқолдаудың төмендегідей көлемдері анықталған:

жетпіс еселенген айлық есептік көрсеткішкетең (105840 теңге) сомадағы көтерме жәрдемақы;

 

Тұрғын үй сатып алуға әлеуметтікқолдау – бірмыңбес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен(2268000) аспайтын сомадағы бюджеттік несие. Мамандарға тұрғынүй сатып алуға бюджеттік несие сыйақысы несие сомасынанжылдық 0,01 пайыз ставкасымен он бес жыл мерзімге беріледі.

Бюджет кодекісіне сәйкес, ҚазақстанРеспубликасынан азаматтарын несиелендіру тапсырма шартының негізіндесенімгерлер (агенттер) арқылы жүзеге асырылады. Қаржы агенті (сенімгері)болып «Қазақстанның тұрғын үйқұрылыс жинақ банкі» АҚ-ы анықталды. Тапсырмашартына сәйкес, қаржы агенті (сенімгер) қарыз алушы-жекетұлғамен несие шарттарын жасасады, қарыз беруді, қарызалушының міндеттерін орындау мониторингін жүргізуді жүзегеасырады.

 

Әлеуметтік қолдау шаралары аталғансанаттағы мамандарға Келісімге сәйкес, ауылдық жерлердеорналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтікқолдау, мәдениет және спорт мекемелерінде бес жылданкем емес мерзімге жұмыс жасау шартымен көрсетіледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетужұмыстарын ұйымдастыру үшін барлық аудандар мен қалаларәкімдіктері аудандық мәслихат депутаттарынан, ауданныңатқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдарөкілдерінен тұратын, тұрақты жұмыс жасайтын комиссияларқұрылған.

 

Комиссияның жұмысшы органы болып ауылдықаумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган - облысауданының (қаласының) экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі табылады.

Аталған мемлекеттік қолдауды алу үшін маманжұмысшы органға төмендегідей құжаттардытапсырады:

 

1)   Ереженің қосымшаларына сәйкеснысан бойынша арыз;

2)   Жеке басын куәландыратынқұжаттың көшірмесі;

3)   Жаңа жұмыс орныбойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбеккітапшасының көшірмесі;

4)   Азаматтарды тіркеукітабының (үй кітапшасының) көшірмесі немесесәйкес елді мекенде тұратынын куәландыратын анықтама;

5)   Білімі туралыдипломның көшірмесі;

6)   Салықтөлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

7)   Әлеуметтік жеке кодберу туралы куәлігінің көшірмесі;

8)   ҚазақстанРеспубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестұрғын үй сатып алу-сату туралы алдын-ала шарт.

 

Құжаттардың көшірмелері оларды тексеруүшін түпнұсқасымен бірге беріледі, содан кейінтүпнұсқалар маманға қайтарылады.

 

Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды талапетуге жол берілмейді.

Жұмысшы орган құжаттарды қабылдайды жәнебес күнтізбелік күн ішінде комиссияға жібереді.

 

Комиссия құжаттарды жұмысшыорганнан келіп түскен күннен он күнтізбелік күн ішіндеқарастырады және аудан әкімдігіне маманғаәлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ұсыныстаржасайды.

 

Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуден бас тартылғанжағдайда, жұмысшы орган үш жұмыс күні ішіндемаманға себебі көрсетілген жауап жібереді. Бас тартуға негізболып жалған құжаттарды беру фактісі табылады. Ауданәкімдігі комиссияның ұсынысы түскен күннен бастапон күнтізбелік күн ішінде әлеуметтік қолдау шараларынкөрсету туралы қаулы қабылдайды.

 

Әкімдік қаулысы қабылданғаннан кейін жеті күнтізбеліккүн ішінде аудан Әкімі мен маман және сенімгер (агент)арасында әлеуметтік қолдау шарасын көрсету туралы Келісімжасалады.

 

Келісім жасалғаннан кейін:

1)    жұмысшыорган жеті күнтізбелік күн ішінде мамандардың жеке есепшотына 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап көтермежәрдемақы сомасын аударады;

2)   сенімгер (агент) отызкүнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте 2010 жылдың 1қаңтарынан бастап маманға тұрғын үй сатып алуғанесие береді.

Бүгінгі таңда, облыс бойыншаауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларымамандарының 2009-2011 жылдарға арналған қажеттілігіанықталған:

2009 жылы – 850 адам;

2010 жылы – 865 адам;

2011 жылы – 814 адам.

Облыстың барлық аудандарында аудан Әкімдерінің ауылдық аумақтарды дамыту мәселесінежетекшілік жасайтын орынбасарлары басқаратын, тұрақтыжұмыс жасайтын комиссиялар өз жұмыстарын бастап кетті.

 

Әлеуметтік қолдау шаралары бойынша түсіндірмелер мен кеңестер алу,сондай-ақ құжаттарды тапсыру үшін мамандар комиссиясының жұмысшы органдары - облыс аудандары мен қалаларының экономика , бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөліміне жүгінулері қажет.

 

Токсеитов Б.Т.

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .