Kapshagay.gov.kz

 

Коммуналдық тұрғын-үй шаруашылығын

жаңғырту бағдарламасын дамыту бойынша ақпарат

 

2011 жылы 28 қантардағы Ел басының Қазакстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және 2010 жылы 1 ақпандағы № 922 «2020 жылға дейін ҚР Стратегиялық даму жоспарымен», 2011 жылы 30 сәуірде ҚР-ң Үкіметінің қаулысымен 2011-2020 ж. тұрғын үй-коммуналдық шаруашалықты жанғырту бағдарламасы бекітілді, осы бағдарламаның мақсаты -тұрмысты және коммуналдық инфрақұрылымымның күйін жақсарту, халықты жайлы шарттармен қамтамасыз ету.

Осы бағдарламаның негізгі шарттары:

  1. Тұрғын-үй қатынастарының ұтымды үлгісін жасауы.
  2. Коммуналдық инфрақұрылымның жанғыртуы бұл бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асырылады.

1 кезең-2011-2015 жж.

2 кезең-2016-2020 жж,

Ортақ мүліктің және күрделі жөндеу сәулет, қала құрылысы және құрылыстың төңірегіндегі мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жасалады.

Қолданыстағы заңға сәйкес тұрғын үй инспекциялары басқару органдарымен бірге отрақ мүлік кондоминиум объектісінің техникалық тексеруін ұйымдастырады және кондоминиум нысандарын күрделі жөндеу жүргізу түрлерінің кезектілігін анықтайды.

Жалпы жиналыста пәтер иелері күрделі жөндеу тек келісім берушілердің жалпы мүлік иелерінің өздерінің дауысы берілген соң басталады, содан кейін тізімге сәйкес жөндеудің түрін (шатырдың жөндеуі, инженерлік тораптар, фасадты жөндеуі) жөндеудін түрін анықтайды және кезектіліктерді орнатады, барлық сұрақтар жиналыс хаттамасымен рәсімделуі керек.

Кондоминиумның нысанының ортақ мүлігінің ағымдағы және күрделі жөндеуі. 1 механизм-қаржыландыру әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы, 2 механизм қаржынандыру жергілік атқару органдар арқылы. Қапшағай каласы 2 механизм қолданылады. 2 механизм облыстық жергілікті атқару органдарға республикалық бюджеттен 7 жыл 0,1 пайызбен жылдық несие беріледі.

Өз кезеңінде облыстық МИО Қапшағай каласында несие берілді, енді әрі мемлекеттің қатысумен қаржы құру ретінде мамандырылға. ұйым құрылады. Бүгінгі күнге сондай ұйым құрылған, ол «Қапшағай тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кондоминиум объектісінің басқару органымен «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС басқарушы болып табылатын және пәтер иелері ортақ мүлік кондоминиум объектісің жөндеу үшін келісім шартқа отырады, жалпы жиналыспен келісу бойынша пәтер иелері мен ЖШС жөндеу жұмыстарын орындау үшін Мердігерлер таңдау жүргізеді. Келісім шартта белгіленген мерзім ағымында пәтер иелері 2-ші деңгейлі банкке жинақтау есебіне аударылады.

Келісім шарттардың негізгі шарты кондоминиум объектісінің басқару органдарының осы механизмді жүзеге асыру үшін кондоминиум объектісінің мемлекеттік тіркеулері, кондоминиум объектісінің басқару органы болады.

2-ші деңгейлі банкке жинақтаушы есепшот болуы және осы шотта 2011 жылы жинақтаулардың шеңберінде керек болмайды, бірақ 2012 жылдан бастап жинақтаулар жоба құнының 50 %-нан кем болмауы міндетті. Сонымен бірге пәтер иелерінің жалпы жиналыста келесі шешімдер бекітілуі керек:

1.     2-ші деңгейлі банктер шотына ай сайынғы жарна мөлшері туралы

2.     Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін жөндеу үшін шығындар сметасын бекіту туралы

Мамандандырылған өлке ұйымдарында төленетін әр пәтерге жөндеу жұмыстарын төлеу үшін кесте мен жарналар бекіту.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 23 қаулысына сәйкес капиталдық жөндеу жасау үшін табысы аз отбасыларға шығындарын төлеу үшін тұрғын үй көмегін көрсететінін атап өту керек.

Табысы аз отбасы деп Қазақстан Республикасының тұрғын үй Заңына сәйкес, тұрғын үй көмегін алу құқығы бар азаматтар. Бүгінгі күнге Қапшағай қаласы бойынша өндірістік меншік иелері кооперативтері қызмет істеуде, олар тұжырымдап келгенде 1218 үй, олардың ішінен 62 пайызы демек, 140-150 күрделі жөндеу талап етуде, жөндеуге: шатыр, үй іші желісі, фасад, электрощит, аула жарығы және т.б. Жаңғыртуға бірінші кезектегі көппәтерлі үйлер саны 13 осы үйлерге Үкімет резервінен 69515,0 оның бюджет құралдары бөлінді. Мүлік келешекте 1 кезеңде 2016 жылы және 2 кезеңге 2020 жылға дейін республикалық және облыстық бюдеттен қосымша қаражаттар бөлінуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Қапшағай қаласы әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, КСК және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен бірлесіп, жаппай түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Тұрғын үйлер шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 3 шағынауданның 12, 10 в, 10 б үйлермен 1 шағынауданның 1, 15, 21 меншік иелерімен жиналыс өткізілді.

 

«Қапшағай қаласының тұрғын-үй

коммуналдық шаруашылығы,

жолаушы көлігі және автомобиль

жолдары» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .