Kapshagay.gov.kz

 

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінін ішінен құрылған.Міне сол уақыттан бастап әлеуметтік қызметкерлер әр баланың диагнозын, даму деңгейін, қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, аптасына 2 рет, 2 сағаттан мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қажетті протезді-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық, арнаулы жүріп-тұру тегін қамтамасыз етіп отырады, ал бөлім қызметкерлері міндетті гигиеналық құралдар (қол-арба, протезді-ортопедиялық аяқ киім, корсет, тіреуіш механизмі т.б) алуға жәрдемдеседі. Сұрақтарға толық жауаптар алып, кеңестер беріліп , құжаттарды толығымен тиесілі жерге өткізуге көмектеседі.

Әр мерекелік ертеңгілікке барлық Қапшағай қаласы мен Қапшағай өңірінде тұратын балалар шақырылады.Ертеңгіліктер бөлімше қызметкерлерінің және басқа да мектеп балаларының қатысуымен өткізіледі.Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қолдауымен сыйлықтар таратылады. Сонымен қатар балалардың жазғы демалыстарын көңілді өткізуіне әлеуметтік қызметкерлер арнайы іс-шаралар ұйымдастырып сурет салудан жарыстар, викториналар, қол-өнер жарысы тағыда басқа ойындар өткізіп тұрады. «Нұр Шуақ» қорының қолдауымен балалар әр аптада «Siti Star» демалыс аймағында тегін демалды. 2011 жылдың мамыр айынан бастап үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетін балаларға арнап «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының ішінен баланың дамуына арналған құралдармен жабдықталған күндізгі түзету кабинеті жұмыс істеп жатыр.Әр баламен аптасына 1-2 рет жоспарланған кесте бойынша әлеуметтік қызметкерлер жеке-жеке оңалту жұмыстарын жүргізеді.Бұл кабинеттің ашылу мақсаты баланы қоршаған ортаға бейімдеуге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, еңбекке баулуға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға тағы да басқа тұрмыстық, педагогикалық, медициналық, психологиялық, көмек көрсету.

____________________

 

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .