freim_logo карта сайта написать РК
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+

Құрметті қапшағай қаласының тұрғындары!

   Сіздерді табиғат жаңарып, адамзаттың рухани жаңғыратын шағы - әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.
   Ғасырлар қойнауынан бастау алған Ұлыс күні - өзімен бірге көктемнің сәулелі шуағын ала келетін, адалдық пен тазалықтың, мейірім мен жылылықтың, достық пен сүйіспеншіліктің мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ақтарыла тілек айтып, ағайын-бауырлар төс қағыстырып, бір-біріне жүрек жарды тілектерін арнап, айналаға мейірім шуағын төгеді, көмек қолын созып, көпшілдік қасиетін паш етеді.
    Ұлыс күні терең жаңашылдық пен жарқындықтың, адамгершілік пен мейірімділіктің белгісі. Бұл күн мен түннің теңелген шағы үйлесімнің үлгісі, Қазақстан халқы бірлігінің, ырысы мен ынтымағының белгісі болып келеді.
    Әз наурыз ұлағатын халқымыз қалтқысыз қабылдап, жақсылықтың нышанына балаған. Бүгінде халықтың асыға күтетін айрықша мерекесіне айналған Ұлы күнді қапшағай қаласының тұрғындары да көтеріңкі көңілмен, аса құрметпен қарсы алуда.
            Қадірменді қауым, құрметті қонақтар !
       Әз-мереке әрқайсыңыздың шаңырағыңызға шаттық, құт пен береке әкеліп, әрбір үйге Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!


Қапшағай қаласының әкімі Т.ҚАЙНАРБЕКОВ



icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
icon Соты
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2016 Жария ету



icon Сайлау 2016
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана


Негiзгi
 > Маслихат > Ережісі
Бүгiнгi:

  Қапшағай қаласының Маслихат


 


«Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Қапшағай қалалық мәслихатының, оның тұрақты комиссияларының қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Қапшағай қаласы мәслихатының аппараты (бұдан әрі –мәслихат Аппараты) мемлекеттік мекемесі болып табылады.

1.2. Мәслихат аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қапшағай қалалық мәслихатының шешімдерін және өзге нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Мәслихат аппаратының толық аталуы мемлекеттік тілде: «Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат маслихата города Капшагая».

1.4. Мәслихат Аппараты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде дайындалған өзінің мөрі, мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында есеп-шоты бар.

1.5. Мәслихат Аппараты штат санының лимиті Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 бабындағы 4 тармаққа сәйкес белгіленеді. Мәслихат Аппаратының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мәслихат хатшысы тағайындайды және босатады.

1.6.Мәслихат Аппаратын ұстауға арналған шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

1.7. «Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қапшағай қалалық мәслихатының сессиясында енгізіледі.

1.8. Мәслихат Аппаратының заңды мекен-жайы 040800 Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл к-сі, 13.

2. Қызметінің мақсаты мен түрлері

2.1. Мәслихат Аппаратының негізгі мақсаты –заңдарға, аппараттың жұмыс регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихатының, оның тұрақты комиссияларының қызметін қамтамасыз ету болып табылады. 2.2. Мәслихат Аппараты төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асырады.

2.2.1. Мәслихат пен оның органдарының ұйымдық, материалдық-техникалық, құқықтық-ақпараттық, кеңестік жұмыстарын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2.2.2. Депутаттарды шешім жобаларымен және өткізілетін мәжілістердің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті құжаттармен, сондай-ақ басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

2.2.3. Пленарлық мәжілістерге және тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысады, депутаттардың мәслихат қорытындылары мен шешімдері жобаларын сапалы даярлауына көмектеседі;

2.2.4. Мәслихат сессияларын өткізудің даярлық және ұйымдастырушы-техникалық жұмыстарын оның регламентіне сәйкес қамтамасыз етеді;

2.2.5. Мәслихатқа жолданған азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін есепке алады, қарайды, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда оларға жауап дайындайды;

2.2.6. Мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттіктерін іске асыруына жәрдемдеседі, кеңестік және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттар сауалдарының, ұсыныстары мен ескертпелерінің өз уақытында қаралуы мен жүзеге асырылуын бақылайды;

2.2.7. Депутаттар өз өкілеттіктерін атқару кезінде айтқан ұсыныстары мен ескертпелерін есепке алып, жинақтап, қорытады;

2.2.8. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын есепке алады, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастырады;

2.2.9. Тұрақты комиссиялардың мәжілістерін, мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелерді тұрақты комиссияларды алдын ала талқылануын ұйымдастырады, осыған байланысты қажетті тұрақты комиссияларды құжаттармен қамтамасыз етеді;

2.2.10. Әділет органдарында тіркелуге жататын шешімдерді даярлап, олардың тіркелуін жүзеге асырады;

2.2.11. Сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға әзірлеп, олардың жариялануын бақылайды;

2.2.12. Мәслихат шешімдері мен өзге де құжаттардың жан-жаққа жіберілуін қамтамасыз етеді;

2.2.13. Мәслихат сессиялары мен өзге де мәжілістерінің хаттамалары мен стенограммаларын жүргізеді;

2.2.14. Іс қағаздарын жүргізеді.

3. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру

3.1. Мәслихат Аппараты тікелей мәслихат хатшысының басшылығымен жұмыс істейді.

3.2. Мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қапшағай қалалық мәслихатының регламентіне сәйкес мәслихат Аппаратының жұмысын ұйымдастырып, басшылық етеді, сондай-ақ мәслихат Аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуы мен аппарат қызметкерлерінің өз қызметтерін жүзеге асыруына жауапкершілікте болады.

3.3. Осы мақстаттарда мәслихат хатшысы:

3.3.1. Мәслихат Аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3.3.2. Заңдарға сәйкес мәслихат Аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

3.3.3. Заңдарда белгіленген тәртіппен мәслихат Аппаратының қызметкерлерінынталандыру шараларын белгілейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

3.3.4. Өкімдерге қол қояды;

3.3.5. Мәслихат Аппаратының шығыс сметасын жасайжы және орындайды;

3.3.6. Мәслихат Аппаратының мүддесін мемлекеттік және өзге де ұйымдарда қорғайды;

3.3.7. Мәслихат Аппаратының құрылымын анықтайды;

3.3.8. Заңдарда және нормативтік актілерге сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады.

3.4. Мәслихат хатшысы болмаған уақытта оның міндеттерін мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының бірі атқарады.

3.5. Мәслихат Аппаратының өкілеттіктер және филиалдар құруға құқығы жоқ.

4. Мәслихат аппараты мен оның лауазымды тұлғаларының

4.1. Мәслихат хатшысы мәслихат Аппаратына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапкершілікте болады.

4.2. Тәртіптік теріс қылығы үшін мәслихат Аппаратының қызметкерлері заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікті көтереді.

4.3. Мәслихат Аппараты өз иелігіндегі ақшаға өз міндеттемелері бойынша жауап береді.

5. Мәслихат Аппаратының мүлкі

5.1. Мәслихат Аппараты өзіне бөлінген мүліктерді жедел басқаруға құқықты.

5.2. Мәслихат Аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

5.3. Мәслихат Аппараты өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иесіздендіруге немесе өзге әдіспен иелік етуге құқықты емес.

5.4. Мәслихат Аппаратына заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектеулер мүлікке иелік етуге құқық беріледі.

5.5. Мәслихат Аппараты тараған жағдайда мүлікті жедел басқару құқығы Қапшағай қалалық мәслихатына ауысады.

6. Мәслихат Аппаратын қайта ұйымдастыру мен тарату

6. Мәслихат Аппаратын қайта ұйымдастыру мен тарату іс жүзіндегі заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.







«Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесінiң құрылымы
Қапшағай мәслихатының нормативтiк-құқықтық актiлерi
Депутаттық корпус
ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Анықтамалық
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros


 

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде